USD
USD
USD

Странджа кубогы: Қоржынымызға екінші алтын медаль түсті

Болгария астанасында бокстан өтіп жатқан Странджа кубогында ерлер арасында қазақстандық Махмұт Сабырхан ел қоржынына екінші алтын медальды салды.

Странджа кубогы: Қоржынымызға екінші алтын медаль түсті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 54 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Махмұт Сабырхан финалда жергілікті боксшы Ясен Радевпен жұдырықтасуы керек болатын. Бірақ, қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жекке шығудан бас тартты. Осылайша, Махмұт Сабырхан аталған турнирдің алтын медальына айқассыз қол жеткізді.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Қазақстан қоржынынаалғашқы алтын медальды әйелдер арасынан әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай жеңіп алған болатын . Сондай-ақ бүгін Дулат Бекбауов (67 келі) Дания елінің өкілі Николай Тертерянмен кездессе, Сағындық Тоғамбай (86 келі) украиндық Сергей Горсковпен бәсекеге түседі. Ал, Валентина Хальзова (70 келі) ресейлік Галина Головченкомен шеберлік байқасады.

 

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur