USD
USD
USD

Странджа-2025: Бекзат пен Сабыржан чемпиондық атаққа жекпе-жексіз қол жеткізді

Бүгін Болгария астанасында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа кубогының» чемпиондары анықталады.  

Странджа-2025
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Алматы, NEGE. Жарысты бірінші болып, күндізгі сессияда бұрымды боксшылар бастайды. Алайда, ерлер арасында жекпе-жектер басталмай тұрып Бекзат Нұрдәулетов аталған турнирдің чемпиондық атағына қол жеткізді. Бұл туралы ҚР Бокс федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Нұрбек Оралбай финалға шықпайтын болды. Ол 86 келіде жолын Бекзад Нұрдәулетовке берді. Нұрбекке құрмет. Бекзат бұл салмақта чемпион болды», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар 75 келі салмақтың финалында жолдары түйіскен отандастарымыз Тимур Нұрсейітов пен Сабыржан Аққалықов арасындағы жек-жек те өтпейтін болды. Нұрсейітов жарақатына байланысты шаршы алаңға шығудан бас тартты. Осылайша 75 келіде «Странджа» халықаралық турнирінің чемпиондық атағына Аққалықов ие болды. Ал Нұрбек Оралбай мен Тимур Нұрсейітов күміс жүлдеге қол жеткізді.

Айта кетейік, отандастарымыз 1994 жылдан бері «Странджа» бәсекесіне қатысып келсе де, турнирдің тарихында бірінші рет биыл финалда қазақ боксшыларының жолдары бір-бірімен түйіскелі отыр.

Бұған 25 боксшымыздың қатысуы мен жеребе барысында жерлестеріміздің қос тарапқа түскені себеп болған.

Қазір оқып жатыр

Алматы, Шымкент, Түркістан және Ұлытау ЭКСЖ ұлттық жобасы бойынша артта қалды

.

Бозымбаев: Коммуналдық желілердің тозуын 2029 жылға дейін төмендетуіміз керек

.

Таразда 19 жастағы қызды алып қашқан Алматы облысының үш тұрғынына үкім шықты

блогер соты

Алматыда полицейлер жүзден астам автобусты айыппұл тұрағына алып кетті

Қоғамдық көлік