USD
USD
USD

Страндж кубогы: Дина Жоламан жартылай финалға шықты

 Қазақстандық боксшы Дина Жоламан Болгария астанасы Софияда өтіп жатқан Страндж кубогы турнирінің жартылай финалына шықты.

Страндж кубогы: Дина Жоламан жартылай финалға шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықаралық турнирде 54 келіде сынға түсіп жатқан боксшы ширек финалда италиялық Приско Шаронмен қолғап түйістірді. Жекпе-жек тартысты өтті. Төрешілер шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға бұйырды. Жартылай финалға шыққан Дина Жоламан енді кем дегенде қола жүлдеге қол соза алады. Айта кетсек, ол аталған салмақта 2016 жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, бүгін аталған турнирде тағы бір қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова (57 келі) шаршы алаңға шығады. Қарсыласы – финляндиялық Вильма Витанен. Еске салсақ, бұдан бұрын екі дүркін әлем чемпионы Назым Кызайбай жартылай финалға жолдама алған еді.

Қазір оқып жатыр

Щучинскіде сүйіктісін ұрып өлтірген ер адам 10 жылға сотталды

кісі өлімі

12 жылдық үкім жойылды: Шымкентте ҰҚК-нің бұрынғы подполковнигінің ісі қайта қаралады

Манат Сарбасов

Саша Барон Коэн «Борат» үшін қазақтардан кешірім сұрады

Борат

К1 жетіп тұр. Нұрбанк НЕГЕ қарыздың жартысын келесі жылы қайтаруы мүмкін?

Nur