USD
USD
USD

Stopfake.kz екі айда 100-ден астам жалған хабарды әшкереледі

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен ашылған Stopfake.kz ресурсы 100-ден астам жалған хабарды әшкереледі.

Stopfake.kz екі айда 100-ден астам жалған хабарды әшкереледі
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Жаңа ақпараттық ресурс жұмысын бастаған 2 ай ішінде 91 жалған хабарлама теріске шығарылды, 37 тақырып бойынша түсініктеме берілді. Жалған ақпараттар мен жаңалықтардың, бұрмаланған мәліметтердің басым бөлігі медицина тақырыбы мен әлеуметтік медиа алаяқтықпен байланысты болды» деп мәлім етті министрліктен. Stopfake.kz жобасының өзі желіде жалған ақпараттың таралуын тоқтату және шатасу мен түсінбеушілік деңгейін төмендету, сонымен қатар оқырманға сыни ойлаудың маңызын еске салу үшін жасалды. Ақпараттық порталдың Telegram-дағы адресі - t.me/stopfake_kz. Сондай-ақ, кез келген деректің дұрыс-бұрыстығын тексеру үшін редакцияның +7 707 739 5599 WhatsApp нөміріне хабарлама жіберуге болады.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті