USD
USD
USD

Стоматологтар ісі: күдіктілер дәрігерлерге 30 млн теңге берген

Қаржылық мониторинг агенттігі БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару деректері бойынша стоматологиялық клиникалардың басшыларына қатысты тергеп-тексеру бойынша тың мәлімет жариялады. 

freepik.com
Фото: freepik.com

Астана, NEGE. Агенттік мәліметінше, бұл іс бойынша медициналық мекемелердің дәрігерлері де тергеу аясында күдікке ілінген.

Зейнетақы жинақтары стоматологиялық қызметтер көрсету туралы формальды шарттар жасасу және кейіннен жалған медициналық құжаттар ұсыну арқылы шығарылған.

«Жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін медициналық мекемелердің дәрігерлері дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың (ДКК) жалған қорытындыларын берген, күдіктілерден алынған қаражаттың жалпы сомасы – 30 млн теңге.

Бұл фактілер бойынша бірқатар сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», – делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару ісі бойынша қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника тартылған. Жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астам қаражат шығарылған.

Агенттік өкілдерінің мәлімдеуінше, қылмыстық жолмен алынған табыстарға күдіктілер элиталық жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алып, жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімдеп, жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан.

Он бір күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал үшеуіне қатысты үй қамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

.

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

TAS

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

Бақыт Түменова

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

.