USD
USD
USD

Степногорскіде 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік дүкенді тонағандар ұсталды

Криминалдық полиция басқармасы мен полиция басқармасының жедел қызметкерлері жүргізген арнайы операцияның нәтижесінде зергерлік дүкеннің мұқият жоспарланған тонауы анықталды.

Степногорскіде 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік дүкенді тонағандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1 мамыр күні белгісіз біреулер жертөле арқылы дүкенге кіріп, 180 млн теңгеден астам сомаға зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен. Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 188-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

ПД басшылығының нұсқауы бойынша бірнеше жедел топ құрылып, Ақмола және көрші өңірлердің аумағында бірқатар жедел – іздестіру іс-шаралары жүргізілді. Нәтижесінде елордада екі күдікті ұсталды. Олар 1977 және 1988 жылы туған Астана қаласының тұрғындары.

Заттай дәлелдемелер, ұялы телефондар, байланыс құралдары және ұсталғандар мініп жүрген көлік тәркіленді. Қазір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер қамауға алынды.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе