Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Степногорск қаласында есірткі зертханасын ұйымдастырған ресейлік анықталды

Степногорск қаласында есірткі зертханасы анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Фитозертхана
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Көліктегі полиция қызметкерлері есірткі өсірумен айналысқан ер адамды ұстады. 5 ақпанда көліктегі полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Көкшетау көлік прокуратурасының үйлестіруімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ресей Федерациясының 37 жастағы азаматын ұстады.

Ол өзінің пәтерінде марихуана өсіретін жасырын есірткі зертханасын ұйымдастырған. Аталған пәтерде оның бес баласы да тұрған.

Тінту барысында өсімдіктерді өсіруге арналған фитошамдар, желдеткіш құрылғылар және басқа да техникалық жабдықтар, тыңайтқыштар мен химиялық реагенттер, есірткіге ұқсас заты бар пластикалық ыдыс, марихуананың ерекше иісін шығаратын бұталар, тұқым салынған пакеттер тәркіленді. Медициналық сараптама нәтижесінде ұсталған азаматтың каннабиноидтар қолданғаны расталды. Ол Telegram арқылы марихуана тұқымдарын тапсырыс беріп, пошта арқылы алғанын және үй жағдайында жылыжай ұйымдастырғанын мойындады.

Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз егіп-өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық