USD
USD
USD

Степногорск әкімі тәртіптік жазаға тартылды

Степногорск қаласында мыңдаған тұрғын жылу ақысын артық төлегені үшін қала басшысы Гайдар Қасенов тәртіптік жазаға тартылды.

gov.kz
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Прокуратураның хабаралауынша, 41 көппәтерлі тұрғын үйде жылу энергиясы үшін төлем нақты есептеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша емес, белгіленген нормативтер негізінде есептелген. Соның салдарынан төлемдер негізсіз өскен.

«Бұл фактілер жылумен жабдықтаушы ұйым тарапынан Қазақстан Республикасының «Жылу энергетикасы туралы» заңы талаптарының бұзылғанын, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның жылыту маусымына дайындықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бақылауды тиісінше іске асырмағанын көрсетеді», – делінген облыстық прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша қаладағы 8 мыңнан астам тұрғынның жылу энергиясы үшін төлемақысы қайта есептеліп, оның жалпы сомасы 8,1 млн теңгені құраған.

«Жол берілген заң бұзушылықтар үшін қала әкімі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», – деп хабарлады қадағалаушы орган өкілдері.

Бұдан кейінгі жағдай Степногорск қаласы прокуратурасының бақылауында болады.

Қазір оқып жатыр

Temu-дың табысы төмендеп барады – сарапшылар

Temu

Ақмола облысында 20 гектардан астам аумақ өртке оранды

Ақмола облысы

Қазақстанда бөлшек кредит нарығының өсімі баяулаған

Тұрғын үй

Астанада мұнаралы кран құлап, краншы қаза тапты

Кран