USD
USD
USD

Степногор тұрғындары жылусыз қалды

7 желтоқсанда Ақмола облысындағы Степногор қаласында кварталішілік жылу магистралінде апат болып, салдарынан тұрғындар жылусыз қалды, – деп хабарлады Aikyn.kz. 

Степногор тұрғындары жылусыз қалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Көпқабатты үйлерге жылу беруді қалпына келтіру және үйлестіру үшін облыс әкімі М.Ахметжановтың төрағалығымен жедел штаб құрылды.

Бүгін Степногор қаласында кварталішілік жылу магистраліндегі апат жойылып, тұрғын үйлерге жылу беріле бастады.

– 8 желтоқсанда 08:10-да дәнекерлеу жұмыстары аяқталып, жүйеге су жіберілуде. «Степногорск Теплотранзит» ЖШС мамандары қала тұрғындарының үйлерінде жылумен жабдықтауды қалпына келтіру және апатты жою бойынша жұмыстар жүргізді. Оны аймақ басшысы Марат Ахметжанов өзі бақылап жүр», – делінген облыс әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстау облысында тағы бір әскери қызметші қаза тапқаны рас па?

сот үкімі

Үндістанда кәмелетке толмаған спортшының арызынан кейін қазақстандық жаттықтырушы іздестірілуде

Мақсат Аязбаев

«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Қорғаныс министрлігінің жаңа басшысы алғашқы кеңесте не айтты?

Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов

TikTok-та қаза болған сарбаздар туралы жағымсыз пікір айтқан жігіт 10 тәулікке қамалды

Нұрахмет Бердібай