USD
USD
USD

Стендтік атудан V жастар ойындарының ашылу салтанаты өтті

Шымкент қаласында стендтік атудан ҚР V Жастар ойындарының ашылуы салтанаты өтті. 

Стендтік атудан V жастар ойындарының ашылу салтанаты өтті
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов жарыстың ашылу салтанатында кешенді жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

2021 жылғы 26 сәуір – 03 мамыр аралығында «SHYMKENT SHOOTING PLAZA» ату кешенінде Стенд атудан V Жастар спорттық ойындарын өткізу жоспарланған. Сайысқа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан, Алматы, Қызылорда облыстарынан, жалпы 100-ге жуық жас спортшы бақ сынауда.

Осы кешенді жарыс аясында стенд ату спортын танымал ету, спорттық резервтердің оқу-жаттығу процесстері дайындығы сапасын тексеру, келешекте үміт күттіруші жас спортшыларды республиканың құрама командасына іріктеу жүргізу мақсат етілген.

Жарысты ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі комитеті, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы және «Спорттық ату түрлерінен Қазақстан Федерациясы» ҚБ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бір күнде үш орман өрті шықты

.

Тоқаев Украинадағы қақтығысты уақытша тоқтатуды ұсынды

.

Тоқаев әкесіне арналған ескерткіш тақтаға гүл шоғын қойды

.

Бекет ата жерасты мешіті бастаған бес киелі орын ЮНЕСКО тізіміне енді

.