USD
USD
USD

Стенд атудан Азия кубогі: Қазақстандықтар тағы да тұғыр биігінен көрінді

Алматы облысында өтіп жатқан стенд атудан Азия кубогінде Қазақстан қоржыны тағы бірнеше медальмен толықты, деп хабарлайды Olympic.kz.

Стенд ату
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Ерлер арасындағы "дубль-трап" бағдарламасында Қазақстан құрамасы күміс медаль жеңіп алды. Бұл бәсекеде ел намысын Әлішер Айсалбаев, Владлен Калимулин және Никита Чикулаев қорғады.

Владлен Калимулин "дубль-трап" бойынша жекелей сында қола медаль иеленді. Сондай-ақ, "трап" санатындағы жасөспірімдер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы алтын медальға қол жеткізді.

"Трап" жаттығуы бойынша әйелдер арасындағы командалық сында Айжан Досмағамбетова, Анастасия Прилепина және Карина Почиваловадан құралған Қазақстан командасы қола медаль еншіледі.

"Трап" жаттығуынан ерлер арасындағы командалық сында Қазақстан құрамасы (Әлішер Айсалбаев, Марк Почивалов, Виктор Хасянов) күміс медаль иеленді.

Қазір оқып жатыр

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.

Шайға адал, кофеге құмар: қазақстандықтардың таңдауы қалай өзгеріп жатыр?

.

Абай облысында жүргізуші куәлігін алуға көмектескен лауазымды тұлғалар ұсталды

Жүргізуші куәлігі