USD
USD
USD

Станислав Черчесов қызметінен кете ме? Қазақстан футбол федерациясы ресми мәлімдеме жасады

Әлеуметтік желі мен баспасөз құралдарында футболдан ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовтың отставкаға кететіні туралы ақпарат тарады. 

Қазақ тілі
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Аталмыш ақпаратқа байланысты Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеме жасады.

«Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің қызметінен кетуі туралы кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазіргі таңда Станислав Черчесов Ұлттық құраманың бас бапкері қызметін жалғастырып, Қазақстан футбол федерациясымен келісімшарт бойынша жұмыс істейді», – делінген мәлімдемеде. 

Сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі тек ресми ақпарат көзіне, федерацияның ресми сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған ақпаратқа сенуге шақырды.

Қазір оқып жатыр

Алматыда оқушылары жаппай уланған физика-математика мектебінің басшылығы ауысты

Алматыдағы республикалық физика-математика мектебі

Қазақ айтысының көрнекті өкілі Надежда Лушникова өмірден өтті

Надежда Лушникова

ШҚО-да қызының ернінен сүйген ер адамның әрекетіне қатысты тексеру басталды

Қыз

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жүк тасымалдаушылардан кепілдік жарна талап етіле бастайды

«Қазығұрт» өткізу бекеті