Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Спутник V» вакцинасын жүкті әйелдерге қолдану нұсқаулығы жарияланды

«Спутник V» коронавирусқа қарсы вакцинасын жүкті әйелдерге препараттың ана үшін күтілетін пайдасы іштегі нәрестеге ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдану керек.

«Спутник V» вакцинасын жүкті әйелдерге қолдану нұсқаулығы жарияланды
Фото: NEGE.kz

Алматы,  NEGE. Препаратқа арналған жаңартылған нұсқаулықта осылай делінген,

«Жүктілік кезінде «Гам-ковид-вак « препаратын клиникалық қолданудың тәжірибесі жоқ. Жануарларда репродуктивтік уыттылықты зерттеу барысында жүктіліктің өтуіне, эмбриофеталдық дамуына (аналықтарда) және ұрықтың пренаталдық дамуына теріс әсері анықталған жоқ. Осыған байланысты жүктілік кезінде «Гам-ковид-вак« препаратын күтілетін пайда ықтимал қауіптен жоғары болған жағдайда ғана қолдану керек», - делінген құжатта.

Алайда, емізу кезінде «Спутник V» екпесін салдыруға болмайтыны айтылған. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың сөзінше, вакцинаның қауіпсіздігін клиникаға дейінгі зерттеулердің оң нәтижелерін, сондай-ақ тіркеуден кейінгі зерттеулер кезінде препараттың тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы деректерді ескере отырып, сарапшылар жүкті әйелдерге «Гам-ковид-вак» вакцинасын қолдануға қарсы көрсеткіштерді алып тастау туралы шешім қабылдаған.

Министр: «Осылайша коронавирус инфекциясының ауыр ағымының қаупі жоғары жүкті әйелдерді вакциналау мүмкіндігі ашылды», - деді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда 1,8 млн бала мен жасөспірім тұрақты түрде спортпен айналысады

ойын

Жақсылық Сәбитов: Қазіргі тарих оқулықтарында сторителлинг жоқ

Жақсылық Сәбитов

Қазақстанда жаңартылатын энергияның үлесі алты жылда төрт есе өсті

.

Тоқаев қазақстандықтарды Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды

Тоқаев