USD
USD
USD

Спортзалсыз мектеп көп екен

Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, еліміздегі 1 970 мектепте спортзалы жоқ.

Спортзалсыз мектеп көп екен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Өңірлер ұсынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, мектеп оқушыларының ішінде 1 млн 365 мың бала дене шынықтыру және спортпен шұғылданады. Білім және ғылым министрлігінің деректері бойынша 2019 жылы 5 428 мектеп спорт залымен қамтамасыз етілген. Бұл ретте Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында, сондай-ақ Атырау, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында мектептерді спорт залдармен қамтамасыз етудің ең жоғары деңгейі байқалады. Іс жүзінде мектептердің 37 пайызы оқу бағдарлармалары аясында қажет спорттық құрал-жабдықтарға деген тапшылықты сезінуде», ­– деді Ақтоты Райымқұлова.

Оның сөзіне қарағанда, 1 970 мектепте спортзал жоқ.

«Бұл жағдай спорт секцияларының жұмысы мен жастардың спорт клубтарын құруды бұлай тұрсын, дене шынықтыру пәні бойынша міндетті сабақтарды толық өткізуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан да бүгінгі таңда мектен тыс спорттық іс-шараларды кеңету, қосымша білім беру мұғалімдерін тарту, мектептің спорт күнтізбесін қалыптастыру бойынша әлі де жұмыстар жүргізу қажет екенін атап өткім келеді», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

Астанада блогер Айтым Жақыпов жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл арқалады

Айтым Жақыпов

Қазақстан мен АҚШ тарабы Каспий құбыр консорциумына қатысты жағдайды талқылады

мұнай тасымалы

Өзбекстанда екі күн бұрын қызметінен кеткен экс-министр ұсталды – БАҚ

Журабек Мирзамахмудов

Тоғыз ойыншымен қалған «Омонияны» «Қайрат» пенальти сериясында жеңді

Қайрат