USD
USD
USD

Спорттық гимнастикадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы анықталады

Өзбекстан астанасы Ташкент спорттық гимнастикадан лицензиялық Азия чемпионатын қабылдайды. Аталған сынға Милад Карими бастаған қазақстандық спортшылар да қатысады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Спорттық гимнастика
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Бас бапкер Александр Ким Ташкент төрінде сынға түсетін құрамды жариялады.

Олар: Милад Карими, Нариман Құрбанов, Ілияс Азизов, Фарух Нәбиев, Дмитрий Патанин және Диас Тойшыбек.

Команда сапында Карими көпсайыстан, Құрбанов ат снарядынан Олимпиада жолдамасын алып қойған. Қалған спортшылар құрлыққа бөлінген бір жолдамаға таласады.

Сондай-ақ, Өзбекстан федерациясы жарысқа төрелік ету үшін алты еуропалық төрешіні алдырып отыр. Қазақстан сапынан екі төреші шақырту алды. Тимур Әміртаев қол тіреп секіру және еркін жаттығуда, Александр Ким қоссырықта төрелік етеді.

Қазір оқып жатыр

Үш жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсауы: Жамбыл облысында «Система» жүйесі әшкереленді

Күдікті

«Азық-түлік жинаудың қажеті жоқ»: министр «цифрлық апокалипсис» туралы

Түлік

Павлодарлық «Ертіс» жеке инвесторларға берілді: жыл сайынғы инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге

 «Ертіс» ойыншылары

Өрт сөндірушілердің жолын бөгеген көлік иелеріне айыппұл салынады

Өрт сөнідуші