USD
USD
USD

Спортшының ел алдында жұлыны үзілді

Дағыстандық балуан Пайзутдин Алиев Санкт-Петербургте өтіп жатқан грэпплингтен Ашық әлем кубогында омыртқасынан ауыр жарақат алды.

Спортшының ел алдында жұлыны үзілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 1994 жылы туған спортшы қарсыласын төменнен орап алып, қолын қайыру арқылы жеңіске жетуді көздеген. Алайда, тәсіл қолдану кезінде Әлиев жерге омақаса құлап, сәтсіз түскен. Ыңғайсыз құлағандықтан ол мойномыртқасын сындырып алды. Ауыр жарақат алған спортшы тірі қалғанымен, аяқ-қолдары істен шығып, сал боп қалған.

Region Online басылымының хабарлауынша, қазір спортшының емделуіне қаражат жинау жүйесі жұмыс істей бастаған. Пайзутдин Алиевке – мидың контузиясы, бассүйектің ішкі жарақаты және жұлынына зақым келтірген мойыномыртқасының сынғаны жөнінде диагнозы қойылған.

Қазір оқып жатыр

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы

Қостанайда үш адам қаза тапқан жарылысқа кінәлі адам жауапкершіліктен босатылды

өрт

Сарапшы 4,6 млрд доллар айыппұлды мұнай компанияларының акцияларына айырбастауды ұсынды

.