USD
USD
USD

Спортшыларымыз күрестен әлем чемпионатында жүлдеге қол жеткізе алмады

Албанияның Тиран қаласында күрес түрлерінен әлем чемпионаты жалғасып жатыр. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан командасының екі өкілі жүлде үшін таласты, деп хабарлады Ұлттық олимпиада комитеті.

спорт
Фото: olympic.kz

Алматы, NEGE. Финалдық жекпе-жекке 50 келіге дейінгі салмақта Лаура Ғаниқызы және 76 келіге дейінгі салмақта Алина Ертөстік жетті. Алайда екі балуан да мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.

Ғаниқызы жапониялық Уми Итодан 11:0 есебімен жеңілсе, Ертөстік те Нодоко Ямомотоға (Жапония) есе жіберді - 11:0.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық