USD
USD
USD

Спортшылар дүниежүзілік ойындарға аттанды

Олимпиадалық емес спорт түрлерінің олимпиадасы. 4 жылда бір рет осындай форматтағы жарыс өтеді.

Спортшылар дүниежүзілік ойындарға аттанды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Яғни кикбоксинг, садақ ату, муай-тай, джиу-джитсу сияқты бағыттар бойынша әлем үздіктері анықталады. Міне осы жарысқа биыл 26 жерлесіміз аттанады. Олар 9 спорт түрінен жүлдеге қол созып көрмек. Елордада ел намысын қорғайтын спортшыларды ресми шығарып салу рәсімі өтті.

Оның аясында кикбоксингтен әлем чемпионы Шыңғысхан Тлемісовке Мемлекеттік ту табысталды. Ұлттық құрама мүшелері жоғары аталған 4 спорттан бөлек акробатика, брейкинг және каратэ бойынша да жарысқа араласады.  Айта кетейік, 11-дүниежүзілік ойындарды АҚШ-тың Бирмингем қаласы қабылдайды. Байрақты бәсеке ертең басталады. Ал оның жалпы қорытындысы 17 шілдеде белгілі болады.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер