Спортшылар тазалық үшін: Рудныйда Тобыл өзені бойында эко марафон өтті

2025 жылғы 15 мамырда Рудный қаласында «Рудный қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Тобыл өзені бойында экологиялық жүгіріс өтті.
Алматы, NEGE. Жағалау аумағын тазалау іс – шарасына 50-ге жуық адам қатысты, солардың ішінде жаттықтырушылар, нұсқаушылар, спортшылар және қала спортының ардагерлері.
Жүгіру тек спорттық іс-шараға ғана емес, салауатты өмір салты мен экологиялық сана идеяларын біріктіре отырып, табиғатқа жауапкершілікпен қараудың белгісіне айналды.
– Рудныйда жүйелі түрде сенбіліктер, көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі, бұл өскелең ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге, еңбекті құрметтеуге және өз әрекеттері үшін жауапкершілікке ықпал етеді. Біз спортшылар ретінде таза орта денсаулық пен жоғары физикалық белсенділіктің кепілі екенін білеміз. Сондықтан табиғатқа ұқыпты қарауға үлгі болу керек, – деп атап өтті спорт ардагері, экологиялық жүгіріске қатысушы С.Н. Парисеева.
Экологиялық жүгіру спорт пен экологияның бір – бірімен тығыз байланысты ұғымдар екендігінің айқын дәлелі болды. Адам денсаулығына қамқорлық қоршаған әлемнің тазалығына қамқорлық жасаудан басталады және мұндай іс-шараларға қатысу белсенді азаматтық ұстанымның көрінісі болып табылады.
Соңында спортшылар Рудный тұрғындарына қала аумағын абаттандыру және жинау бойынша бастамаларды белсенді қолдауға шақырды, өйткені «Таза Қазақстан» – бұл жай ғана бағдарлама емес, нағыз патриотизмнің көрінісі.