USD
USD
USD

Спорт журналистикасының ардагері өмірден озды

 Бүгін таңертең қазақстандық танымал спорт журналисі және комментатор Диас Омаров өмірден озды. 

Спорт журналистикасының ардагері өмірден озды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Диас Омаров 1940 жылдың 20 қазанында дүниеге келген. Қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің журналистика бөлімшесінде білім алған. 1966 жылдан Қазтелерадионың спорт коментаторы болған. Ал 1998 жылдан «Хабар» телеарнасында спорт комментаторы ретінде жұмыс істеген. «Диас ағаның өмірден озғандығы туралы қайғылы хабар тосыннан болды. Өйткені, жасы біразға келгеніне қарамастан ол спорттық өмір салтын ұстанып және де аптасына бірнеше рет көптеген достарымен бас қосып, сүйікті футболында доп қуалайтын еді. №1 спорттың көптеген жанкүйерлері оны футболдың арқасында білді.

Диас Омаровтың әкесі - көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, соғыс жылдарында ең жас сауда халық комиссары, кейінен Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы және Мәдениет министрі болған, ашқұрсақ балалық шақты бастан кешірген Ілияс Омаров балаларының шымыр болып өскендігін қалап, үлкен ұлын футболға алып келген екен», - деп еске алады Қазақстанның спорт баспасөз қызметі қауымдастығ.ының президенті Ілияс Омаров.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде әкімдік ғимаратындағы өрт толық сөндірілді

.

Ақтөбеде әкімдік ғимараты өртенді

.

«Бүгін түнде тұтас бір өркениет жойылады»: Трамп Иранға қатысты тағы мәлімдеме жасады

Дональд Трамп

Тоқаев жұмыскерлердің еңбек құқығын күшейтуге қатысты заңға қол қойды

Наурыз мейрамы