29 Тамыз 14:50

Зүлфия Чиншанло халықаралық додада үздік шықты

Фото:

Қазақстанның ауыр атлетика құрамасының өкілі Зүлфия Чиншанло Ауыр атлетикадан халықаралық кубокта күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды Ұлттық олимпиада комитеті.

Алмыты, NEGE. Бұл жарыс – осы спорт түріндегі онлайн режимде өткен ең алғашқы бәсеке.

Ол Өзбекстан Республикасы тәуелсіздігінің 29 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Чиншанло 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. Қоссайыс нәтижесінде қазақстандық спортшы 200 кг (85+115) салмақты көтерді. Бірінші орынды өзбекстандық Муаттар Нәбиева (205 кг) жеңіп алды.

Ал польшалық Йонна Лочовска 185 килограмды еңсеріп, үздік үштікті түйіндеді.

Тегтер: