28 Шілде 20:29

Жүкембаев АҚШ төрінде

Фото:

Қазақстандық Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) келесі жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды. Ол қыркүйектің соңында рингке оралады.

Алматы, NEGE. Батыр АҚШ-та алғашқы жекпе-жегін өткізеді деп жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Vesti.kz.

Боксшының баспасөз қызметі жариялаған ақпаратқа сүйенсек, Жүкембаев тамыздың басында Мәскеуге оқу-жаттығу жиынына аттанады. 

«Қыркүйектің соңында АҚШ-та маңызды жекпе-жек өткізуді жоспарлап отырмын. Промоутерім осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатыр. Әзірше рингке кімге қарсы шығатыным белгісіз, бірақ қарсыласым жоғары деңгейден болады», – деді Жүкембаев. 

Тегтер: