2 Наурыз 13:15

Жеңіске жеткен команда капитаны Абайдың әнін шырқады

Фото:

Матч барысында команда капитаны Даррен Диц Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындады.

Алматы. NEGE. «Барыс» клубы ҚХЛ-дың плей-офф кезеңінде жеңіске жеткен болатын. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің инстаграм парақшасында жазып, ерекше алғыс білдірді. 

Команда капитаны Дарренді Дәурен деп те атады.

«Барыс» клубын ҚХЛ-дың плей-офф кезеңіндегі алғашқы жеңісімен құттықтаймын. Әсіресе, матч барысында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін орындаған команда капитаны Даррен Дицқа ерекше алғыс айтқым келеді. Жарайсың, Дәурен! Бұл жеңіс «Барыс» клубын жаңа жетістіктерге жетелесін», - деп жазды Тоқаев.

 

Тегтер: