3 Наурыз 17:39

Жазғы Олимпиада ойындары биыл өте ме?

Фото:

Коронавирусқа байланысты өту-өтпеу мәселесі қарастырылып жатқан жазғы Олимпиада ойындары 2020 жылдың соңына шегерілуі мүмкін.

Алматы, NEGE. «Келісімшарт бойынша Олимпиада ойындары 2020 жылы өту керек. Демек ол шегерілуі мүмкін», - дейді Токиодағы Олимпиада және Параолимпиада ойындарының ісі бойынша министр Сэйко Хасимото.

Бүгінде Жапонияда коронавирус жұқтырғандар саны 900-ге жетті. Мұның алдында Токиодағы Олимпиада ойындары көрерменсіз өтуі мүмкін екені айтылған. Балама ретінде Ойындарды телевизиялық режимде трансляциялау қарастырылған. 

Жоспарланған уақыт бойынша Олимпиада ойындары 24 шілдеден 9 тамыз аралығы өту керек. 

Тегтер: