USD
USD
USD

Жәнібек жеңді!

Орта салмақта жұдырықтасатын жерлесіміз Жәнібек Әлімханұлы америкалық бұрынғы чемпион Роб Брантты 8-раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Жәнібек жеңді!
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ә дегеннен-ақ Жәнібек тізгінді қолға алған. Жәнібектің «Qazaq Style»-сінен сескенді ме, әйтеуір Роб Брант 8 раунд бойы қашқақтаумен болды. Алтыншы раундта америкалық бұрынғы чемпион біздің Жәнібектің ауыр соққысынан есеңгіреп, тізерлей кетті. Нокдаун! Ал сегізінші раундта Бранттың бұрышындағы топ өзара қауқылдасып алды да, боксшыларын рингке шығармауды шешті.

Осылайша Жәнібек Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы 10 кездесуінің 10-ын жеңді, мұның алтауын мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Брант 26 кездесу өткізіп, үшеуінде жеңілген.  

Қазір оқып жатыр

Шетелдік блогермен видеоға түскен полиция қызметкерлері жұмыстан шығарылды

.

Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатын жеңіп алды

Рыбакина

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.