18 Қазан 20:16

Жәнібек Әлімханұлы WBO жаңа рейтингінде үздік үштікке енді

Фото:

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы WBO рейтингінде үздік үштіктен көрінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. Бұл жайында Қазақстан кәсіпқой бокс қауымдастығының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды. Қазақстандық спортшы Бүкіләлемдік бокс ұйымының (WBO) 72,6 келіге дейінгі орта салмақтағы ең мықты үш боксшысының бірі атанды. Бұған дейін төртінші орында тұрған ол жоғары жылжып, үшінші орынға жайғасты. Ал осы позицияда орналасқан Қанат Ислам бір саты төмендеді. Еске сала кетейік, бір апта бұрын Жәнібек Әлімханұлы Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңген болатын. Осылайша 27 жастағы Ж.Әлімханұлы кәсіпқой бокстағы тоғызыншы жеңісіне қол жеткізіп, WBO Global және WBC ContinentalAmericas титулдарын қорғап қалды.

Тегтер: