20 Қаңтар 10:46

Жан Кособуцкий шаршы алаңға қайта шығады

Фото:

Супер ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкийдің (17-0, 16 КО) шаршы алаңға қайтып оралатын күні белгілі болды, деп хабарлайды .

Алматы, NEGE. Еш жеңіліп көрмеген Жанның келесі жекпе-жегі 19 ақпанда Гамбургте (Германия) өтеді. Қарсыласы 40 жастағы тәжірибелі француз Жоан Дюопа (39-6, 26 КО) болмақ. Айқас он раундтан тұрады.

20 қарашада Гамбургте өткен соңғы жекпе-жегінде Жан Кособуцкий доминикалық Алексис Гарсияны (11-1, 7 КО) нокаутпен жеңіп, ауыр салмақтағы WBC International Silver титулын жеңіп алды.

Дюопа бұған дейінгі айқасын 13 қарашада Люксембургте өткізді. Ол екінші раундта венгр Андраш Чоморды (18-33-2, 14 КО) техникалық нокаутпен жеңді.

Айта кету керек, Дюопамен жұдырықтасқандар тізімінен көптеген танымал есімдерді таба аласыз. Бір кездері ол рингте Тони Йока, Александр Поветкин, Джаррел Миллер, Роберт Хелениус, Деонтей Уайлдер және Мануэль Чарр сияқты боксшылармен кездескен.

Тегтер: