20 Ақпан 16:34

Жалғас Жұмағұлов UFC құрамына кірді

Фото:

Arlan MMA Pro Team командасының жауынгері Жалғас Жұмағұлов әлемдегі алдыңғы қатарлы промоушендік орталықпен келісімшартқа отырды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы өзінің Инстаграмдағы парақшасында жаһандық FN Global промоутерлік орталығы бұрынғы чемпионының менеджері Саят Абдрахманов хабарлады. Қазіргі уақытта жауынгердің келісім шарттарының талаптары мен дебюттік кездесуінің өтетін күні де белгісіз. Мүмкін, 31 жастағы жауынгер алдағы UFC Fight Night турнирлерінің бірінде өнер көрсетуі де мүмкін. Жалғастың АҚШ визасын алуға өтініш бергенін ескерсек, осы көктемде UFC FN 172 турнирінде UFC сегіздігі құрамында өнер көрсетуі мүмкін. Бұл турнир 11 сәуірде Орегон штаты Портленд қаласында өтеді.

Бұған дейін қазақстандық жауынгер UFC-мен келісімшартқа отырса, Fight Nights Global құрамынан кете алатындығын айтқан.

«Мен Fight Nights аясында қанша уақыт күресе беремін? Ол жерде менімен күрш сынасатын ешкім қалмады. Белбеуімді додаға тігемін, Асатрян мен Әли бұл атақ үшін өзара таласа берсін», - деген еді Жалғас «Территория ММА» порталының YouTube арнасына берген сұхбатында.

Тегтер: