USD
USD
USD

Зарина Дияс екінші айналымға өте алмады  

 Қазақстандық Зарина Дияс Ролан Гаррос турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Зарина Дияс екінші айналымға өте алмады  
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік рейтингіде 76-орында тұрған З.Дияс алғашқы айналымда әлемнің 35-ракеткасы, Тунис өкілі Онс Жабермен кездесті. Зарина биыл 27-ге толатын болса, қарсыласы одан бір жасқа кіші еді. Бірінші партияда қазақстандық теннисші 6:4 есебімен басым түсті. Екінші сетте есеп 4:3 болған мезетте Тунис теннисшісі брейк жасап, сосын өз геймін ала білді – 6:3. Үшінші, шешуші сетте О.Жабер брейкпен алға кетті – 2:1.

Тағы бір брейк – 4:1. Ақыры ол матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:1. Біршама тартысты өткен бәсеке 1 сағат 47 минутқа созылды. Осылайша Франция ашық чемпионатына жекелей сында қатысып жатқан бес қазақстандық теннисшінің төртеуі алғашқы айналымнан сәтті өтті. Тек З.Дияс қана жарыс жолынан шығып қалды. О.Жабер екінші айналымда рейтингіде 84-сатыдағы жапониялық Нао Хибиномен кортқа шығады. Жапониялық спортшы рейтингіде 119-орындағы украиналық Марта Костюкті 6:4, 6:0 есебімен тізе бүктірді.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті

Актер Нұрсұлтан Жақсыген 2 жыл 3 айға сотталды

Нұрсұлтан Жақсыген

ДСҰ-ға мүше болған 11 жыл ішінде Қазақстанның тауар айналымы екі есе өсті

ДСҰ және Қазақстан туы

Депутаттар Құрылтай жанынан 50 адамнан тұратын Қоғамдық палата құруға келісім берді

Құрылтай ғимараты