1 Қараша 18:55

Волейболдан Қазақстан кубогінің үздік ойыншылары анықталды

Фото:

 Волейболдан ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогінің үздік ойыншылары анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Таразда өткен әйелдер арасындағы бәсекеде «Алматы» клубының ойыншысы Инна Яковлева, «Жетісу» ойыншысы Алеся Сафронова және «Алтай» командасының капитаны Сана Анарқұлова үздік деп танылды. Өскеменде ұйымдастырылған ерлер арасындағы ел кубогі додасында «Алтай» ойыншысы Владимир Жигмонт, «Ұшқын-Көкшетау» ойыншысы Қанат Ғабдуллин және «Атырау» ойыншысы Айбат Ниеталин үздік атанды. Айта кетелік, волейболдан Қазақстан кубогі 22-30 қазан аралығында өткен болатын.

Тегтер: