28 Ақпан 19:40

Велоспорттан «Оман туры» жарыс аяқталуына екі күн қалғанда тоқтатылды

Фото:

Оған себеп – жарысқа қатысушы команданың екі мүшесінен Covid-19 коронавирусы табылған, деп хабарлайды оlympic.kz веложарыс ұйымдастырушылардың ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап.

Алматы. NEGE. Ұйымдастырушы комитеттің хабарлауынша, құрама сапында италиялық спортшысы бар бір команданың екі мүшесінен  коронавирус табылған.

«Мұндай шешім барлық қатысушылардың қауіпсіздігіне байланысты қабылданды. Спортшылардың денсаулығы мен олардың қауіпсіздігі біздің басты назарда», - делінген мәлімдемеде.

БАӘ денсаулық сақтау министрлігі барлық велошабандоздардың, команда мүшелері мен ұйымдастырушыларды толық тексеріп шығады.

Вирустың таралмауы үшін карантинмен қоса алғанда, барлық шаралар қолданылады.

Тегтер: