16 Маусым 09:40

Велоспорттан Азия чемпионаты өтпейді

Фото:

Велоспорттан биылғы Азия чемпионаты өтпейтін болды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Азия велоспорт конфедерациясының хабарлауынша, жылғы құрлықтық біріншілік болмайды. Конфедерацияның мұндай шешім қабылдауына Covid-19 пандемиясы себеп болған.

Айта кетерлігі, бастапқыда дода 17-22 наурыз күндеріне жоспарланған болатын. Одан кейін белгісіз мерзімге шегерілген.

Жоспар бойынша 2020 жылғы Азия чемпионаты Малайзияның Кибеоджайя қаласында өтуі тиіс еді. 

Тегтер: