19 Қыркүйек 17:24

Юлия Путинцева ширек финалға шықты

Фото:

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Рим WTA турнирінің ширек финалына шықты.

Алматы, NEGE. Дүниежүзілік рейтингте 30-орында тұрған Ю.Путинцева үшінші айналымда отандасы, Қазақстанның бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Е.Рыбакинамен кортқа шықты.

Елена биыл 21-ге толса, тәжірибелі қарсыласы 25-те еді.

Бірінші партияда сәттірек ойнаған Е.Рыбакина жеңіске жетті – 6:4.

Екінші сетте Ю.Путинцева брейк жасап, алға шыққанымен, қарсыласы таразы басын теңестіріп үлгерді – 1:1.

Бұдан кейін Елена есепті 4:1-ге жеткізді.

Есеп 5:3 болып, Е.Рыбакина матчқа доп бергенде, оның қателігін пайдаланған Юлия брейк жасай алды.

Сосын есеп тағы теңесті – 5:5. Тай-брейкте Путинцева әбжілдік танытты – 7:6 (7:3). Үшінші, шешуші партияда Юлия 4:1 есебімен алға кетті.

Ақыры ол кездесуді тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Матч барысында Е.Рыбакина көбірек эйс жасағанымен, өз геймі кезінде доп беруде жиі қателесті. Әйтпесе оған жекпе-жекті екінші сетте өз пайдасына аяқтауға болатын еді.

Қос қазақстандық айқасқан тартысты бәсеке 2 сағат 40 минутқа созылды. Ю.Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің екінші, осы доданың 1-ракеткасы, румыниялық Симона Халеппен таласады. Ол үшінші айналымда рейтингте 29-орында тұрған Украинаның 20 жастағы жұлдызы Даяна Ястремскаяны 7:5, 6:4 есебімен тізе бүктірді.

Бұдан бұрын Ю.Путинцева US Open турнирінің ширек финалына дейін жеткен болатын.

Тегтер: