13 Маусым 18:11

UFC-дегі алғашқы қазақстандық спортшы қыздың жекпе-жегін қайдан көруге болады

Фото:

UFC алаңында алғаш рет қазақстандық спортшы қыз өнер көрсетеді. Жекпе-жекті ертең, 14 маусымда тікелей эфирде тамашалауға болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGEЖексенбі күні АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында UFC on ESPN 10 турнирі өтеді. Онда бірнеше айқас көрсетіледі. Алаңға шығатын спортшылар арасында қазақстандық спортшы Мария Агапова да бар.

Оның қарсыласы - америкалық Ханна Сайферс. UFC on ESPN 10 турнирінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы сағат 04:00 кезінде басталады.

Оны мына сілтеме арқылы тамашалауға мүмкіндік бар.

Алдын ала болжам бойынша, Мария Агапованың жекпе-жегі таңғы 07:00 шамасында болады.

Еске сала кетейік, аралас жекпе-жектен әлем чемпионы, қазақстандық Мария Агапованың ММА бойынша ең ірі промоушн - Ultimate Fighting Championship (UFC) ұйымымен келісімшартқа отырғанын жазған болатынбыз.

23 жастағы спортшы Мария Агапова әлемнің ең мықты лигасындағы алғашқы жекпе-жегін 13 маусымда өткізетіні хабарланған.  

Тегтер: