16 Мамыр 15:21

UFC рекорды жаңарды

Фото:

Жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атанған бразилиялық файтер Чарльз Оливейра  промоушен рекордын орнатты, - деп хабарлайды "Чемпионат".

Алматы, NEGE. Оливейраға титулды иелену үшін 28 жекпе-жек қажет болды. Ол UFC тарихында титул алу үшін ең көп жекпе-жек өткізген файтер ретінде рекорд жасады. Бұған дейін рекорд орта салмақтың экс-чемпионы Майкл Биспингте болған еді.

Еске салайық, Хабиб Нурмагомедов карьерасын аяқтағаннан кейін бос қалған титулды Оливейра америкалық Майкл Чендлерге қарсы өткізіп, қарсыласын екінші раундта жеңген болатын.

Тегтер: