31 Наурыз 20:07

УЕФА: Енді бес ойыншы ауыстыруға болады

Фото:

Еуропалық футбол одағы ассоциациясы (УЕФА) биыл өтетін Еуропа чемпионаты мен Ұлттар лигасында командаларға бес ойыншы ауыстыруға рұқсат берді. Бұл туралы УЕФА-ның ресми сайты хабарлады.

Алматы, NEGE. УЕФА атқарушы комиссиясының отырысы бүгін өтті. Футбол ассоциацияларының халықаралық кеңесі (IFAB) 2020 жылдың мамыр айында коронавирус пандемиясына байланысты командаларға бес ойыншы ауыстыруға уақытша рұқсат беру туралы Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) өтінішін қанағаттандырған.

IFAB желтоқсанда бұл түзетуді 2022 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартуды ұйғарды.

ЕУРО-2020 матчтары 11 маусым мен 11 шілде аралығында Еуропаның 12 қаласында өтеді. Финалдық ойындар 6-10 қазанда Милан мен туринде ұйымдастырылмақ.

Тегтер: