«Тур де Франс» қашан өтеді?

01 шілде, 19:41
«Тур де Франс» қашан өтеді?
Фото: google.com

«Астана» велокомандасы «Тур де Франс» онлайн веложарысына қатысатынын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Веложарыстың бірінші кезеңі 4 шілдеге жоспарланған. Сенбіде басталатын дода алты кезеңнен тұрады. Велошабандоздар 19 шілдеге дейін өзара мықтыны анықтайды. Жарыс ережесі бойынша бір кезеңге 4 спортшыдан қатыса алады.

Таулы, спринтер және классификациялық нәтижелер бойынша жарыс қорытындысы шығады.

Қазіргі таңда велододаға барлығы 39 команда тіркелген.