22 Желтоқсан 17:52

ТОП-10: Ақшасы көп футболшылар

Фото:

Футбол сүйер жанкүйер де, тиіп-қашып көретін жұрт та ең қалталы футболшыны Месси не Криштиану деуі әбден мүмкін. Өзіңізге сенімді болмасаңыз Nege.kz тілшілері дайындаған топтамаға көз жүгіртіңіз. 

Алматы, NEGE. Футбол тарихында аты алты құрлыққа мәшһүр болған "жұлдыздар" аз емес. Десек те, оның бәрі табысты болды деу қисынсыз. Назарларыңызға аяқ добы арқылы қаржылық қажеттілігін тәп-тәуір өтеп алған футболшылардың ондығын ұсынамыз. 

Оныншы орында 44 млн АҚШ долларын жиған атақты Рикардо Кака. 

Тоғызыншы "Реал Мадрид" ойыншысы Гарет Бейл. Оның қоржынында 125 млн АҚШ доллары бар. 

"Милан" сапында жүріп, мергендігімен көзге түскен Алешандре Пато 145 млн доллармен сегізінші орында. 

Жетілікте Уэйн Руни (160 млн) тұр. 

Неймар атымен танылған бразилиялық шабуылшы гонорары мен түрлі жарнамалық видеолардан тапқан табысының арқасында алтылыққа жайғасты. Неймар еншісінде 185 млн.

Неймардан басым түскен Златан Ибрагимович (190 млн).

"Алтын доп" иеленуден алдына жан салмай келе жатқан Месси (400 млн) небәрі төртінші орында.

Неймарды басып озған англиялық клубтың жартылай қорғаушысы Дэвид Бекхэм (450 млн).

Соңғы аптада өзге планета адамы деп аталып кеткен Криштиану (450 млн) да Бэкхэммен тең түсті.

Тақырыпқа орай: Криштианудың аңызға бергісіз жанкештілігі

Алғашқы орынды иеленген Фаик Болкиах. 20 млрд АҚШ доллар көлемінде қаржысы бар жас қыран жайлы сіз бен біз көп біле бермейміз. Жиырма бірге жаңа толған ол Бруней құрамасының капитаны. Оның қаржылық мансабына келсек, Бруней ханзадасының ұлы болғандықтан оған 20 млрд мұраға қалған. 

Тегтер: