16 Мамыр 09:10
...

Тони Фергюсон UFC-де қатарынан үшінші рет жеңілді

Фото:

Америкалық Тони Фергюсон Иран өкілі Бенеил Дариуштан жеңілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Жеңіл салмақта ТОП-10 тізіміне кіретін файтерлердің жекпе-жегі Хьюстонда (Техас, АҚШ) өткен UFC 262 турнирінің басты кездесулерінің бірі болды.

Бұрын жеңіл салмақта уақытша чемпион болған 37 жастағы Фергюсон бұған дейін қатарынан екі рет жеңілген. Бұл жекпе-жекте де ол сәтсіз сериясын ұзартты.

Файтерлер сегізбұрышта үш раундты толық өткізді. Нәтижесінде төрешілер жеңісті 32 жастағы Дариушқа берді. Ирандық файтер қатарынан жетінші жеңісіне қол жеткізді.

Тегтер: