11 Наурыз 10:54

Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитеті президенті қызметіне қайта сайланды

Фото:

 Томас Бах Халықаралық Олимпиада комитетіне (ХОК) президент қызметіне қайта сайланды, деп хабарлайды                аталған ұйымның сайты.

 Алматы, NEGE. Бұл шешім ХОК-нің 137-сессиясында өткізілген сайлауда қабылданды. Онлайн режимде ұйымдастырылған шара барысында ол 93 дауыс жинап, бір адам қарсылығын білдірді. Айта кетейік, аталған сайлауда бір ғана үміткердің кандидатурасы таңдалды. Томас Бах жаңадан сайланған қызметіне 3 шілде-8 тамыз аралығында өтетін Токио Олимпиадасынан кейін кіріседі. Естеріңізге сала кетелік, ол - Халықаралық олимпиада қомитетінің тоғызыншы президенті. Бұл қызметті 2013 жылдан бері атқарып келеді. Аталған ұйымға 1991 жылы мүше есебінде қабылданған ол 1996-2000 жылдар аралығында атқару комитетінің құрамына енді. Ал 2000-2013 жылдарда вице-президент болды. Биыл 68 жасқа толатын Томас Бах 1976 жылы семсерлесу спортынан Олимпиада чемпионы атағын жеңіп алған еді.

Тегтер: