19 Шілде 10:15

TOKYO-2020 ұйымдастырушылары олимпидаға бір жыл қалуына орай бейнеүндеу жолдайды

Фото:

Токио Олимпиадасының ұйымдастыру комитеті 23 шілде күні Олимпиада ойындарының басталуына тура бір жыл қалуына байланысты  бейнеүндеу жолдайды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE.  Хабарлама Токио Олимпиада стадионында 2020 жылғы жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатының дәл уақытында кешкі сағат 8.00-де жарияланады. Онда 2021 жылы шілде-тамыз айында өтетін Токио Олимпиадасына қатысуға ниет білдіргендерге алғыс хаттар мен спортшыларды қолдауға арналған бағдарламалар қарастырылған. Бейнеүндеудің толық бағдарламасы қазіргі таңда құпия күйінде қалмақ.

Коронавирус пандемиясына байланысты шара жабық күйінде өтеді. Алайда, Олимпиада каналынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Тегтер: