4 Наурыз 14:07

Токиодағы олимпиаданы кейінге қалдыру жоспарланып жатқан жоқ

Фото:

Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) коронавирус салдарынан Токиода өтетін XXXII жазғы Олимпиада ойындарын өткізуді кейінге қалдыруды жоспарлап жатқан жоқ, деп хабарлады Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ) баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Токиода 24 шілде -9 тамыз аралығында өтетін Олимпиадаға дайындық толық жүргізілуде. Спортшылар мен жанкүйерлерді коронавирустен сақтау үшін барлық қажетті шаралар жасалады. Осы мақсатпен ақпан айының ортасында арнайы топ құрылды, оған ХОК өкілдері, Токио билігі, Жапония үкіметі мен ДДСҰ кірген», - деп хабарлады ХОК басшысы Томас Бах.

Белгілі болғандай, Олимпиадаға 205 елден 12,5 мыңға жуық спортшы қатысады.

Тегтер: