Токиодағы Олимпиада ойындарында алғашқы сайыстар басталды

21 шілде, 10:57
Токиодағы Олимпиада ойындарында алғашқы сайыстар басталды
Фото: ғаламтордан

Токиодағы жазғы Олимпиада ойындары аясында алғашқы жарыс басталды.

Алматы, NEGE. Софтболдан Жапония әйелдер командасы Австралияны айқын басымдықпен жеңді, деп жазады Olympic.kz.  Кездесу 8:1 есебімен аяқталды. Софтбол бәсекелері 21-27 шілде аралығында өтеді. Алты әйелдер командасы бір жүлде жиынтығын сарапқа салады. Ал ерлер бейсболда бақ сынайды.  Сондай-ақ бүгін әйелдер командасы арасындағы футбол бәсекесі де басталады.  Токио олимпиадасының ашылу салтанаты 23 шілдеге жоспарланған. Алайда спорттық жарыстар ашылу салтанатынан бұрын басталып кетеді. Бұл, әсіресе, командалық ойын түрлеріндегі спортшыларға тікелей қатысты.