11 Наурыз 17:15

Халықаралық Олимпиада комитетіне ауыр жүк артылды

Фото:

2020 жылы өтуі тиіс Токио Олимпиадасы 1-2 жылға шегерілуі мүмкін. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы жапониялық ұйымдастыру комитетінің мүшесі Харуюки Такахаши мәлімдеді. 

«Жазғы ойындарды өткізбей қоймай, уақытын шегеретін шығар. Олимпиада өтпейтін болса, ХОК қиын жағдайда қалады», - деді Такахаши. 

Такахашидің сөзінше, Олимпиаданы кейінге шегерудің өзі де оңай тірлік емес, өйткені ол басқа да маңызды спорттық шаралармен бір уақытқа қатар түсіп қалады. Сондықтан ол Жазғы ойындарды екі жылдан кейін өткізген дұрыс деп санайтынын айтты. 

Коронавирустың таралуына байланысты бірқатар елдер күшейтілген қауіпсіздік шараларын енгізуде. Атап айтқанда, бірнеше олимпиадалық іріктеу турнирлері кейінге шегерілді. Сонымен қатар, Грекияның Ұлттық Олимпиада комитеті елде дәстүрлі түрде өткізілетін Олимпиада алауын жағу рәсімі биыл көрермендерсіз өтеді деп мәлімдеді.

Еске сала кетейік, Токио Олимпиадасы 24 шілде мен 9 тамыз арасында өтеді деп жоспарланған. 

Тегтер: