Теннисші Анна Данилина Дубайдағы турнирдің шиек финалына шықты

24 қараша, 18:25
Теннисші Анна Данилина Дубайдағы турнирдің шиек финалына шықты
Фото: olympic.kz сайты

Қазақстандық Анна Данилина жұптық сында Дубайдағы ITF W 100 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы, NEGE. Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген қазақстандық Анна Данилина словакиялық Виктория Кузьмовамен бірге беташар ойындарында ресейліктер Оксана Селехметьева – Анастасия Гасановамен кездесті. Бірінші партияда Данилина мен Кузьмова үш брейктің нәтижесінде басымдылық танытты – 6:3. Екінші сетте қазақстандық-словакиялық жұп 2:4 есебімен ұтылып жатып, таразы басын теңестірді. Одан кейін 5:5 болған мезетте тағы бір брейк жасап, өз геймдерін де алып, есепті 7:5 жеткізді. Анна Данилина мен Виктория Кузьмова жартылай финалға шығу үшін түркиялық Берфу Ченгиз – Польша өкілі Вероника Фалковска немесе словакиялық Кристина Куцова – Рената Воракова жұптарының қай жеңгенімен таласады.

Ал Жекелей сында Анна Данилина алғашқы айналымда Анастасия Гасановаға 1:6, 4:6 есебімен есе жіберді.