Танымал қазақстандық футболшы қайтыс болды

03 маусым, 09:34

Фото: ғаламтордан

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы, алматылық «Қайрат» футбол клубының ойыншысы Станислав Лунин (Ислам Далаев) қайтыс болды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы «Қайрат» клубының Instagram-дағы ресми парақшасынан мәлім болды. Станислав Лунин кәсіби мансабын 2011 жылы бастап, «Восток», «Шахтер» және «Ертіс» командаларында ойнаған. Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен кездері болды. «Қайрат» сапында 2014-2018 жылдар аралығында ойнап, 91 ойын өткізіп, 3 гол соққан. Лунин Қазақстан чемпионы, Қазақстан кубогы мен суперкубогының иегері, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері болды.

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР
Яндекс рекомендации