27 Қаңтар 10:49

Танымал баскетболшы қаза болды

Фото:

Әлемге әйгілі америкалық баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қаза болды.

Алматы, NEGE. Қайғылы оқиға Лос-Анджелес округіндегі Калабасас қаласының маңында болған. НБА бес дүркін чемпионы жаттығуға бара жатқан. Осы кезде борттан өрт шыққан. 

«Бес адамның қаза тапқаны расталды. Тікұшақ апатынан ешкім аман қалмаған», – деп хабарлады Лос-Анджелес округінің шерифі Twitter желісінде.

Апаттың себебі анықталып жатыр. 41 жастағы спортшының қазасын Калабасас қаласының билігі растады.

«Коби Брайант пен тағы төрт адамның қазасын естідік. Тікұшақ Лас-Вирдженс маңында сағат 10-да құлаған. Жер бетінде ешкім зардап шекпеді», – делінген хабарламада.

Тегтер: