7 Қыркүйек 18:22

Спорт сарайына Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілді

Фото:

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» сарайына Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіровтің есімі берілмек. Үкіметтің тиісті Қаулы жобасы «Ашық үкімет» порталында қоғам талқылауына ұсынылды.

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 4-1) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, темiржол вокзалдарына, темiржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншiгiндегi басқа да объектiлерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттiк заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есiмiн беру қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 11, 81-құжат) сәйкес, Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы етеді:

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Жекпе-жек» сарайына «Қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада және Әлем чемпионы, «Қазақстанның Еңбек Ері» Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайы» атауы берілсін», – делінген құжат мәтінінде.

Еске салайық, грек-рим күресiнен тұңғыш Олимпиада чемпионы, Әлем чемпионы, Қазақстанның еңбек ерi, «Барыс», «Құрмет» «Парасат» ордендерінің иегері Жақсылық Әмiрәлiұлы Үшкемпiров 1951 жылы 6 мамырда Қазақ КСР, Жамбыл облысы, Свердловск ауданы, Чапаев кеңшарында дүниеге келген.

Тегтер: