16 Қаңтар 16:26

Сондерс: Головкиннің алдында басымды иемін

Фото:

WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы британдық Билли Джо Сондерс Геннадий Головкинге қатысты пікір айтты. Vesti.kz сайтының жазуынша, оның келесі қарсыласы Сауль «Канело» Альварес болуы мүмкін.

Алматы, NEGE. «Жасы келіп қалған Головкин мен сияқты боксшымен жұдырықтаса қоюы неғайбыл. Ол өзінің міндетті қарсыласы Камил Шереметпен кездескен соң, Канеломен үшінші мәрте жұдырықтасуды ойлайды. Осымен бәрі бітеді.

Менің ойымша, GGG бокс үшін көп нәрсе жасады. Бірақ оның уақыты бітті. Бірақ мен Головкиннің алдында басымды иемін. Канелоға да солай. Екеуінің қай-қайсысымен болса да рингке шығуға дайынмын» деді Сондерс.

Әрине, Сондерсті де түсінуге болады. Бокс – спорт қана емес, бизнес. Осы тұрғыдан қарағанда, Гена үшін Сондерс қызық болмауы да мүмкін ғой...  

Тегтер: