Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы елордада дайындалып жатыр

13 қазан, 13:18
Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы елордада дайындалып жатыр
Фото: olympic.kz сайты

Шорт-тректен Қазақстан ұлттық құрамасы елордада оқу-жаттығу жиындарын жалғастыруда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE.   Ұлттық құрама 22021/2022 жылғы маусымды Бейжіңде әлем кубогінен бастайды. Осыған орай, бас бапкер Мәдіғали Қарсыбеков Олимпиада қарсаңында жолдама үшін жанын салатын спортшылар есімін атаған болатын. Жаңа маусымда 12 спортшы шорт-тректен әлем кубогі кезеңдеріне қатысып, жолдаманы сарапқа салады. 

Елордада өтіп жатқан оқу-жаттығу жиындарында бапкер басты мақсат - төртжылдықтың басты додасына жолдама жеңіп алу керек екенін де жасырмады. 

"Қазіргі таңда ең бірінші мақсатымыз, жоспарымыз - Олимпиада ойындарына лицензия алу. Лицензияға ие болғаннан кейін Олимпиадаға дайындыққа кірісеміз", - деп қысқа қайырды Мәдіғали Қарсыбеков. 

Айта кетерлігі, шорт-трекшілер 16 қазанға дейін ел астанасындағы "Алау" мұз айдынында дайындығын жалғастырады.